ШҚО: Алтай тауларындағы мұздықтардың еруі әуеден бақыланады

Шығыс Қазақстанның авиациялық отряды Алтай тауларындағы мұздықтардың еруін әуеден бақылайды.

Нақтыланған мәліметтерге қарағанда облыс аумағының 44% әлі де қар құрсауында. Қар жамылғысы тек оңтүстік беткейлерде сөгіле бастады. Солтүстіктегі  Риддер мен Катон-Қарғай өңірінде қардың еру деңгейі әлі шекті мөлшерге жеткен жоқ. Сондықтан су тасқынына қарсы іс-шаралар тікұшақтардың көмегімен бақылауға алынды. Зубовск және Малеевск ауылдарында салынған бөгеттердің беріктігі тексерілді. Гидробекеттерден түскен деректер нақтыланып, түп тереңдету жұмыстары жалғасуда. Аймақта су тасқынының екінші толқынының қаупі әлі де сақталады.

Ерғали Бахаев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  басшысы:

- Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып келеді. Көптеген таулы аймақтарда қардың деңгейі түсіп, қауіп сейілді. Қазіргі таңда біз сонымен қатар Алтай қаласында, бірнеше қарлы аумақтарында болып қауіпті деген жерлерді көріп шықтық.