Қарағанды облысының жастары саябақты тазалады

Қарағанды облысында жастар  «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында саябақтар мен гүлзарларды, тарихи-мәдени ескерткіштерді тазалап жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Осындай игілікті жұмыс кеншілер қаласының «Жеңіс» саябағында да қолға алынды. Жастар екінші дүниежүзілік соғыс арадгерлерінің есімі жазылған стелла мен Чернобыль апаты кезінде құтқару операциясына қатысқан азаматтарға арналған ескерткішті тазалады. Бұған қоса саябақ ішіндегі қоқысты жинады. Келесі аптада мұнда жас көшеттер егіледі. Акция басталғалы өңірде 40 мыңдай адам сенбілікке қатысқан. 10 мың тоннаға жуық қоқыс полигонға жеткізілді.

Ардана Мырзанова, облыстық жастар ресурстық орталығының маманы:

- Алдағы уақытта өзіміздің алашордалық Әлімхан Ермековтың жатқан зират маңайын тазалау, бұлақтардың көзін ашу, маңайын тазалау және аулаларды тазалап, абаттандыру, сылау жұмыстары жүргізіледі.