Олжас Бектенов ресми сапармен Тәжікстанға барды

Қазақстан шамамен құны 190 миллион доллар болатын 85 тауар бойынша экспортты арттыруға дайындық жүргізіп жатыр.

Премьер-министр Олжас Бектеновты Тәжікстанға сапары аясында сол елдің президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Кездесуде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық салалары бойынша сөз қозғалды. Делегациялар өнеркәсіп кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті. Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға электрондық үкіметтің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмектесуі бойынша жұмыстар басталды. Жалпы қазір екі ел Үкіметтері алдына тауар айналымын 2 есеге, яғни 2 миллиард долларға дейін арттыру міндеті қойылды.