Су тасқынынан зардап шеккендердің шығынын өтеу жалғасып жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығынын мемлекет тарапынан өтеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінгі таңда арнайы құрылған өңірлік комиссияларға 16 мыңнан астам өтініш түскен. Оларға, біріншіден, 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беріледі. Қазір мұндай көмекті 3 мыңға жуық отбасы алып үлгерді. Төленген жалпы қаражат көлемі 2,4 млрд теңге. Ал материалдық шығынды өтеу үшін 1377 отбасыға 565 млн теңге өтемақы берілді. Сонымен қатар зақымдалған нысандарды қалпына келтіру шаралары жүріп жатыр. Мамандар 3 мыңнан астам үйді тексеріп, қазір соның 2 мыңға жуығына бағалау жүргізді. Табиғи апат салдарынан келген шығынды өтеу жұмыстары одан әрі жалғасады. 

Графика: 

Шығынды өтеу шаралары 

16 343 өтініш

 

Бір жолғы төлем:

Мөлшері - 100 АЕК

Қамтылды - 2 787 отбасы

Жалпы сома - ₸2,4 МЛРД

 

Материалдық шығын:

Қамтылды - 1 377 отбасы

Өтемақы - ₸565,7 млн

 

Нысанды қалпына келтіру:

3 053 үй тексерілді

1 807 үйге бағалау жүргізілді