Израиль Иранға шабуыл жасады

Израиль бүгін түнде Иранның Исфахан қаласына шабуыл жасады.

Бұл туралы әуелі ирандық «Фарс» ақпарат агенттігі мәлімдеді. Америкалық БАҚ құралдары да ақпаратты растады. Олардың дерегіне сүйенсек, Иранның барлық ядролық жабдықтары осы Исфаханда орналасқан-мыс. Ирак пен Сирияда да жарылыс дауысы естілген. Қазір барлық әуе рейстері тоқтап, Исфахан, Шираз және Тегерандағы әуежайлар жабылды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Иран Израильге жүздеген зымыран атқан еді. Сол кезде Израиль міндетті түрде бұған қарсы жауап болатынын ескерткен.