Астанада бестемше ойынынан турнир өтті

Астанадағы «Еркем-ай» балабақшасында бестемше ойынынан өңіраралық турнир өтті.

Оған елдің солтүстік аймақтарынан 30-ға жуық бүлдіршін мен ата-ана қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Бестемше - 4 мың жылдық тарихы бар төл ойынымыз. Математикалық қабілет пен тың стратегияны қажет етеді. Қазір бұл сайыс түрі балабақшаларда тәрбиеленушілердің ойлау қабілетін, ой жүйріктігін дамытудың құралы ретінде қолданылады. Бұл жолы Солтүстіктен келген бүрдіршіндер өзара мықтыны анықтады. 

Мақсат Шотаев, дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бас хатшысы:

- Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қаарғанды облысы және Астана қаласынан 27 тәрбиеленуші, 5-6 жас балалар келіп, бүгін жарысып отыр. Бестемше ойнаған балалр болашақта басқада ойындарды ойнап, мысалы тоғызқұмалақты ойнап , болашақ көшпенділер ойындарының осы жерден ойыншылары шығуы мүмкін. 

Бестемше сөзі "бес бестен" деген мағынаны білдіреді. Яғни бес құмалақты тақтайшаның ойығына салу арқылы ойналады. Қалыбы қарапайым болғанымен, тұтас тактикаға құрылған ойын дерсіз. Ереже бойынша бұл сайыс түріне бес жастан асқан балалар мен ересектер қатыса алады. Бүгін де балабақша тәрбиеленушілермен қатар олардың ата-аналары да бақ сынады. 

Оразгүл Асанғазы, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Баласына үйретемін деп, әке мен шеше, ата мен әже үйренетін ойын. Бұл біздің миымызды дамытатын, логикамызды дамытатын, ата-бабаларымыздың бәрі мықты, шетінен шешен, шетінен көсем, кез келген нәрсені парасатты, ақылды шешу үшін ми даму керек, жан даму керек, міне сол керемет ұлттық ойын.

Қазір қазақ халқының ұлттық ойыны Түркия, Чехия, Румыния, Ресей, Өзбекстан, Қытай мемлекеттерінде кең танылған. Бірнеше жылдан бері әлемдік байрақты бәсекелер де тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Шернияз Жалғасбекұлы, Мадияр Қындыбаев