Футболшы Рамазан Естемесовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті

Алматы облысының Іле ауданына қарасты Ақши ауылында «Қайрат» футбол командасының бұрынғы ойыншысы

Рамазан Естемесовты еске алуға арналған футболдан республикалық турнир өтті. Заманында Сейділдә Байшақов, Тимур Сегізбаевтармен тізе қосып, жасыл алаңда жасындай жарқылдаған Рамазан Атымтайұлы ұзақ жылдар бойы Алматы облысының Күрті ауданындағы спорт мектебін басқарып, жас ұрпақты футболға баулыды. Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған республикалық ашық турнир екі жас ерекшелігі бойынша өтті. Жастар арасында Жамбыл ауданының «Аққайнар» командасы топ жарды. Ал 45 жастан жоғары топта «Қарақыстақ» командасы бірінші орынды жеңіп алды. «Ауыл спортын дамытып, жас өрендерге жол ашу мақсатында бұл турнирді болашақта дәстүрлі түрде ұйымдастырамыз, – деді футболшының ұлы Азамат Естемесов.

Азамат Естемесов, жарысты ұйымдастырушы:

- Ауданның спорт бөлімінің бастығы болған. Осы ауданда еңбек етіп, еңбегінің берекесін беріп жатыр. Сол оқушылары келіп жатыр атсалысып, қолдап. Сол азаматтарға мың да бір рақмет! Бұл турнир басталған былтырдан бері, биыл екінші жыл. Ары қарай жалғасын табады деп сенімдімін.

Қазақстан құрамасының тарихи жеңісі  

YOUTUBE.COM/IIHF

Тарихи жеңіс. Шайбалы хоккейден Қазақстанжасөспірімдер құрамасының нәтижесіне осындай баға беріліп жатыр. Ол дәл қазір  Финляндиядағы әлем чемпионатына қатысуда. Элиталы топта өнер көрсететін жерлестеріміз бұл жолы Чехия  командасымен жолығып, 4:3 есебімен басым түсті. Айта кету керек, негізгі ойын уақыты тең нәтижемен аяқталды. Есепте чехиялық хоккейшілер алға шығып, ұлттық құрама өкілдері таразы басын теңестіріп отырды. Қазақстан сапынан Роман Большедворский, Корнец Корнеев  және Алесандр Перкиндер мергендігімен көзге түсті. Ал овертаймда, яғни қосымша уақытта Мстислав Шипилин мүмкіндігін сәтті пайдаланып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Айта кету керек, жерлестеріміз алғаш рет осындай жеңіске қол жеткізіп тұр. Спорт порталданы оны 21 жыл бойы күткендігімізді алға тартады.  Енді Георгий Верещагин баптайтын біздің жігіттер бүгін Канада хоккейшілермен кездесуі керек. Ал осының алдында Швейцария және Швеция құрамаларымен жолығып,  ұтылып қалған болатын. Ұлттық команда алдында бір ғана мқасат бар. Ол алдағы мачта да барынша жақсы ойнап,  элиталы топтағы орынды сақтап қалу.  Сәттілік тілейміз.

Төрехан Сабырхан нокаутпен ұтты

YOUTUBE.COM/ASBC

Төрехан Сабырхан нокаутпен ұтты. Астанада бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті кеүні шаршы алаңға ұлттық құраманың үздігі Төрехан Сабырхан шықты. Ол қырғызстандық Рамзан Кадыров есімді боксшымен жолығып, қарсыластын 3 мәрте есеңгіретіп тастады. Осыны негізгі алған төреші жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Осылайша 67 келіде өнер көрсететін жерлесіміз сенімді түрді келесі айналымға өтті. Айта кетейік, Төрехан бұған дейін 3 мәрте құрлықтық доданың жеңімпазы болды. Ендігі мақсат 4 дүркін Азия чемпионы атану. Жалпы Қазақстан құрамасы осы жарыстан кемі 7 алтын медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте топ бастауды көздеп отыр. Құрлықтық біріншілік өткен аптада басталды. Тіпті, ашылу салтанатына халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Крамлев арнайы келіп, жас  боксшылардың қарым-қабілетін байқады.  Байрақты бәсекеге 26 мемлекеттен 500-ден аса боксшы қатысып жатыр. Олар 2 жас деңдейі бойынша медальдар жиынтығын сарапқа салады. Астанадағы Азия чемпионаты 7-ші мамырға дейін жалғасады.

WTA 1000: Қазақстандық теннисшілер ширек финалда

YOUTUBE.COM/WTA 

Рыбакина мен Путинцева ширек финалда кездеседі. Мадрид қаласында WTA 1000 санатындағы теннис турнирі өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Атап айтқанда, Елена Рыбакина 18 жастағы чехиялық Сара Бейлекпен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 6:1, 6:3. Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева паралель ойында ресейлік  Дарья Касаткинаны жеңді. Айта кету керек, Юлия әлемдік рейтингте 50, ал Дарья 11-ші тұр. Соған қарамастан жерлесіміз жеңісті жұлып алды. Енді қос қазақстандық спортшы, яғни Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Ерлер арасындағы сында қазақстандық Александр Бублик те жақсы ойнап жатыр. Ол үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы 21 жастағы америкалық Бен Шелтонды жеңді. Енді Бублик ширек финалға шығу үшін  ресейлік Даниил Медведевпен немесе америкалық Себастьян Кордпен кездеседі. Яғни соңғы екеуінің жеңгенімен жолығады. Мадрид қаласындағы жарыстың жалпы қорытысы 5 мамырда белгілі болады.