Спортшылар батысқа көмекке барды

Батыс Қазақстан облысында 200-ден астам спортшы су тасқынына қарсы көмек қолын созуда.

Олардың арасында Алмат Кебісбаев, Бейбіт Ыстыбаев, Данияр Елеусінов бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылар топырақ салынған қапшықтарды тасып, бөгет тұрғызуға асталысып жатыр.

Бейбіт Ыстыбаев, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы:

- Жалпы Қазақстан құрамасында жүрген спортшылар бар. Дала қырандарының ұйымдастыруымен осы елге көмегімізді берейік деп теңізге тамған тамшыдай боп өзіміздің күш-қуатымызды... Астана қаласынан 30-дай спортшы келді. Осы жақтың спортшылары бар 200-ге жуық 3 объектіге бөлініп жұмыс істеп жатырмыз.

Алмат Кебісбаев, грек-рим күресінен әлем және Азия чемпионатының жүлдегері:

- Біз сіздермен бірге екенімізді білдіріп, осында келіп отырмыз. Әртүрлі қалалардан келіп жатыр. Алматы, Астана басқа да қалалардан қол ұшын беру үшін. Бірге екендігін білдіріп, сөзбен емес іспен көрсету үшін осында келді.

Сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған облыстарға 5 мыңнан астам Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Екі мыңға жуығы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында жүр. Оралға Шымкент, Қызылордадан да қосымша әскерилер шақырылды. Олар Жайық, Шаған өзенінің жағалауларын бекітіп жатыр.

Бекайдар Қаскеев, ҚР Ұлттық ұлан "Батыс" ӨҚ қолбасшысы:

- Осы біздің «Батыс» өңіріне мыңға жуық Ұлттық ұландық көмекке келіп отыр. Қаншама техникасымен бірге, халықпен бірге осындай су тасқынына байланысты жағалауларды нығайту барысында үлкен қызметтер атқарып жатыр.