Ауғанстанда қар жауды

Ауғанстанның солтүстік-шығысында қар жауып, жеміс ағаштары үсіп қалды.

Бағбандар не істерін білмей дал. Табиғат құбылысынан шығынға ұшыраған шаруалар билік өкілдерінен көмек сұрап отыр. Елдің шығысында толассыз жауыннан кейінгі тасқын да жергілікті тұрғындарды абдыратты. 800-ден астам үйге зақым келіп, 600 гектар алқапты су шайып кеткен. Топан судан 7 адам көз жұмды.