Ресейде Есілдің тасуы келесі аптада шарықтау шегіне жетеді

Түмен облысында Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 500 см-ге көтеріліп, 12 метрден асып кетті.

Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Судың төмендейтін түрі жоқ. Мамандар тасқын келер аптада шарықтау шегіне жетеді деп болжайды. Жалпы облыс бойынша 36 елді мекенді су басқан. 6 мыңнан аса адам үй-жайын тасып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды.