Бангладеште аптап ыстықтан он адам көз жұмды

Непалда ыстықтың беті қайтар емес.

Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 43 градусқа дейін жетті. Осыған байланысты өңірдегі мектептер сабақ кестесін өзгерткен. Аймақта орман өртінің қаупі артты. Күннің ыстығынан саяхаттап келетін туристер саны күрт азайған. Салдарынан сала өкілдері шығынға батқандарын айтып шағымданып отыр.

Шарини Шах, сатушы:

- Сауда-саттық азайды. Біздің негізгі клиенттеріміз – Үндістаннан пойызбен келетін туристер. Бірақ күннің ыстығынан қазір ондай саяхатшылар көп емес.

Бангладеште ыстықтан 10 адам көз жұмды

Бангладеште де күн шыжып тұр. Сондықтан мектептер жабылды. Аптаптан 10 адам көз жұмған. 17 өңірде температуралық рекорд орнады. Оңтүстік аймақтарда көрсеткіш 43 градусқа дейін жеткен.