AstraZeneca екпесі тромбоз тудыруы мүмкін

AstraZeneca компаниясы өзінің коронавирусқа қарсы вакцинасы сирек жағдайда қанның ұюын тудыруы мүмкін екенін мойындады.

Швеция мен Ұлыбританияның бірлескен фармацевтикалық компаниясына қарсы 51 арыз түскен. Шағымды екпеден кейін ауыр індетке шалдыққандар мен қайтыс болғандардың туыстары жолдады. Жапа шеккендер 125 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр. Негізі жанама әсері ретінде "препарат тромбоз тудыруы мүмкін" деген ескерту әуелден-ақ көрсетілген. Айта кеткен жөн, AstraZeneca вакцинасы алғаш рет 2020-жылдың желтоқсанында шұғыл қолдану үшін мақұлданған еді. Ұлыбританияда препараттың 50 миллион дозасы салынған.