Лондонда белгісіз ер адам қылышпен шабуыл жасады

Лондонда белгісіз бір ер адам көшеде кетіп бара жатқан жүргіншілерге қылышпен шабуыл жасап, 5 адамды жарақаттады.

Оқиға метро станциясының жанында болды. Қазір қаскөй қамауға алынған. Оның кім екені әзірге жария етілмей отыр. Бұл әрекетке не үшін барғаны да белгісіз. Полиция өкілдері шабуылдың лаңкестікке қатысы жоқ дейді.