Түркияда жер сілкінді

Түркияның Токат провинциясында магнитудасы 5,6 баллдық жер сілкінісі болды.

Бұл туралы Табиғи апаттар және төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді. Зілзала жақын маңдағы аймақтарда да сезілген. Токат өңірінде бірнеше үй, мешіт мұнаралары мен мал қоралар зақымданған. Осы уақытта тұрғындардан 230 рет хабарлама түскен. Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік желідегі жазбасында бір адамның жарақат алғанын хабарлады.