Жайықтың деңгейі күн сайын көтеріліп барады

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі күннен күнге көтеріліп жатыр.

Индер ауданында қауіпті межеге дейін 1 метрдей қалды. Соңғы тәулікте су деңгейі 756 сантиметрге жетті. Ауданда жаға бекіту жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек 30 шақырым бөгет салынды.

Әділ Қоңқаев Индер аудандық ТЖБ бастығы:

- Аса қауіпті деген біздерде Жарсуат ауылдық округі, соған қарасты Құрылыс ауылы. Олардың бөгеттері толығымен бітті. Бөгеттер соғуға, 132 арнайы техника, 520 мыңдай қап, сонымен қоса 1000-нан астам тұрғын және төтенше жағдай қызметкерлері, сонымен қоса мекеме қызметкерлері, бәрі атсалысып, жұмыс жасады.