Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр.

Экологиялық жағдайды жақсартуға, сонымен қатар ардагерлерді қолдауға арналған шараға 5 мыңға жуық волонтер тартылды. Олар өздері тұратын ауыл ардагерлерінің үй ауласын абаттандыруға атсалысты. Жастар Іле ауданындағы еңбек ардагерлері Сүлеймен Жұмабеков пен Владимир УдОвиктің бақшасына алма ағаштарының көшеттерін екті. Жалпы Алматы облысында мыңға жуық жалғызбасты қария бар. «Өнегелі ұрпақ» жобасы сол қазына кеуде қарттарға қолғабыс етуге бағытталған. 

Сүлеймен Жұмабеков, еңбек ардагері:

- Көп рақмет өстіп сыйлап келіп, «ардагерлер еңбегі сіңген ертеде» деп, құттықтап келгендеріңізге. Бақытты болыңдар, айналайын, жастарым! Аман болыңдар! Осы Жаңа Қазақстанымыз өркендеп, бақытты өмір сүруді сендерге Алла нәсіп етсін! Білім алыңдар, оқыңдар!