Каспий теңізіне бір миллиард текше метр су жіберілді

Каспий теңізіне бір миллиард текше метр су жіберілді

Каспий теңізіне 1 млрд текше метрге жуық қарғын су жіберілді.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары хабарлады. Тіршілік нәрі 4 арна арқылы бағытталған. Ол үшін алдымен мамандар арналарды тазарту, нығайту жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар Жайық өзені арқылы су лимандарға жіберіледі. Ал Ойыл өзені жерасты су қорын толтыруға әсер етпек. Балқаш көлінің де деңгейі 15 сантиметрге көтерілді.