Президент Сингапур Парламентінің спикерін қабылдады

Бүгінде Қазақстанда 140 сингапурлық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Олардың ел экономикасына құйған инвестициясының жалпы көлемі 1,4 миллиард доллардан асты. Бұл жайында бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Парламентінің спикері Сеа Киань Пенмен кездесу барысында айтты. Әңгімелесу барысында Президент Қазақстан мен Сингапур уақыт сынынан өткен, сенімді серіктес екендігін атады. Өзара байланыстарды нығайту үшін ауқымды жұмыс жүргізілді. Дегенмен, алдымызға екі елдің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға бағытталған биік мақсат қойып отырмыз, – деді Президент. Өз кезегінде Сеа Киань Пен қонақжайлық танытқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, қос мемлекеттің ынтымақтастығын тереңдету үшін мол әлеует бар екенін айтты. Кездесуде тараптар экономикалық және инвестициялық ықпалдастықтың әлеуетін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге де тоқталды.