Сарапшылар Қазақстанның әзербайжан-армян келіссөзіне алаң ұсынуын бағалады

Сарапшылар Қазақстанның Әзербайжан мен Арменияға келіссөз алаңын ұсынуын жақсы нышанға бағалап отыр.

Бұл туралы еліміздің АҚШ-тағы елшілігінде өткен жиында айтылды. Еуразия орталығының вице-президенті Ральф Винни бұл кездесу екіжақты қарым-қатынасқа елеулі өзгеріс әкелуі тиіс деп санайды. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы мемлекеттерге жасаған сапары барысында, берік бейбітшілік орнатудың маңыздылығына назар аударған еді. Екі ел арасындағы келіссөздер Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.

Ральф Винни, Еуразия орталығының вице-президенті:

- Қазақстанның Әзербайжан мен Армения арасында бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудағы ролі маңызды. Бұл кез келген тарапқа оның ішінде Орта Азия үшін де тиімді. Мысалы, Қытайдан бастау алатын «бір жол бір белдеу» жобасы секілді сауда жолдары жанданып, мемлекеттер одан көп пайда көрер еді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, экономикаға үлкен серпіліс әкелері сөзсіз.