Қ.Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбдел-азиз Әл Саудты, Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. "Тарихи тұрғыдан осындай қысқа мерзім ішінде, дәстүрлі достыққа негізделген ықпалдастығымыз қарқынды дамып, берік әрі сенімді әріптестікке айналғанын, ерекше атап өтемін. Бүгінде Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыс өңірінде ғана емес, араб әлеміндегі басты саяси серіктестерінің бірі. Өз тарапымнан халықтарымыздың игілігі жолында, еЛіңізбен жан-жақты қарым-қатынасымызды одан әрі тереңдетуде Сізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.