Қарағандының Костенко шахтасында өрт бола жаздады

Фото: 24kz

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт шыға жаздады.

Оқыс жағдай кезінде жер астында 194 кенші болған. Барлығы да сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің таратқан мәліметіне сәйкес, 4-конвейер түтіндеген. Сол сәтте шахтаның электрослесары Айбар Қосанов тілсіз жаудың тұтануына жол бермеген. Қатер туралы кезекшілік қызмет те дабыл беріп ескерткен. Кеніш астында 7 маман бақылау жұмыстарын жүргізуде. Олардың өміріне қауіп жоқ.