Чилиде шерушілер полицейлермен қақтығысты

Чилиде шерушілер полицейлермен қақтығысты

Чили астанасы Сантьягода ауқымды шеру өтті.

Бірақ бейбіт жиынның соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Зейнетақы жүйесін өзгертуді талап етіп, көшеге шыққан адамдар полициямен қақтығысты. Көліктерге от қойып, тас лақтырды. Өз кезегінде тәртіп сақшылары ашынған топты тарату үшін көз жасаурататын газ шашып, су атқыштар қолданды.