Елімізде күн суытады

Алдағы уақытта күн суытады.

Қазгидрометтің хабарлауынша, елдің басым бөлігінде жауын-шашын түседі. 1-2-мамыр күндері солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс пен Арқада жаңбыр жауады. Түнгі мезгілде қарға ұласуы ықтимал. Ал оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні күшейіп, түнде солтүстік және шығыс өңірлерде тұман түседі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда сынап бағанасы түнде 0 градусқа төмендейді. Ал елдің оңтүстігінде ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін суытады.