Кітап оқымайтын адамның сөздік қоры аз

Кітап оқымағаннан кейін көптеген жастардың сөздік қоры аз, сөйлеу мәнері төмен.

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков сапалы білім мен қазақша кітап жазу мәселелерін ілгерілету туралы депутаттық сауал жолдады. Депутаттың пікірінше кітапханалардағы кітап қорында көптеген дүние бар, соны алып оқитындар қатары өкінішке орай аз. Таңсәуле Серіков осы саладағы жағдайды жақсартуға және қазақстандықтардың рухани құндылықтарын сақтауға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныс айтты.

Таңсәуле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Саланы жетілдіру үшін басқада ауқымды шараларды қолға алу қажет. Жастардың шығармашылықпен айналысып біліммен ұштаса толық мүмкіндік берілуі қажет. Жоғарыда айтылғандарға орай ұсынамын: Оқу орындарында мемлекеттік деңгейде кітап оқуға қызығушылықты арттыруға арналған арнайы бағдарлама жасау. Елімізде мемлекеттік деңгейде арнайы Кітап күнін белгілеу.Кітапханашылар мәртебесін арттырып түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және мектеп, колледж, университеттерде  кітап оқу мәдениетін қамтамасыз ету қажет.