Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Прокурорлар тергеу орындары заңсыз қамауға алған 449 адамды босатқан.

515 адамға қатысты шыққан үкімді қайта қарау жөнінде бастама көтерген. Оның ішінде 205 сотталушының жағдайы жақсарып, 10 адам ақталған. Бұл жөнінде Президент қабылдауында болған бас прокурор Берік Асылов баяндады. Бас прокурордың мәлеметінше ақпараттық жүйелерді пайдаланудың нәтижесінде іздеуде жүрген 605 қылмыскер ұсталған. Сонымен қатар 663 инвестициялық жобаға құқықтық кеңес беріліп отырғанын айтты. Биыл ел экономикасына 2,4 триллион теңге көлемінде инвестиция салған 148 инвестордың түйткілді мәселесі шешілген.