Алматы қаласындағы құрылыс саласына қатаң бақылау орнатылады

Президент жыл соңына дейін еліміздің құрылыс саласын реттеуді тапсырды. Жалпы аталмыш салада қордаланған мәселелер шаш етектен. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыстағы заңбұзушылықтарға, ғимараттардың заңсыз әрі орынсыз салынуына тосқауыл қойылуы керектігін айтты. Президент әсіресе Алматы қаласындағы құрылыс саласы мен оның сапасына қатаң бақылау орнатуды тапсырды.