Аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығу жиындары

Мына зауыт – еліміздің әскеріне маңызды деген көздеуіштерді шығаратын кәсіпорын. Ал оның арғы бетінде Астана су арнасы орналасқан. Дәл осы маңызды стратегиялық нысанға қазір лаңкестер лап беріп, шабуылдап жатыр. Ал оларға Астана қаласының аумақтық бригадасы тойтарыс беруде. Бүгінгі шығарылымда біз аумақтық қорғаныс бригадасының оқу-жаттығу жиындары жайлы айтатын боламыз.