Іле-Балқаш табиғи резерватында дала өртін сөндіру жалғасып жатыр

Алматы облысының Балқаш ауданындағы «Іле-Балқаш» табиғи резерватының аумағында бірнеше күннен бері қураған қамыс өртеніп жатыр.

Қызыл жалынды сөндіруге өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен жергілікті атқарушы органдардың күш-құралдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тікұшағымен өрт болған аумаққа әуеден 65 рет 200 тоннадай су шашылды. Өрт шыққан жерге жақын маңда орналасқан елді мекендерге қауіп жоқ. Жекелеген өрт ошақтары біртіндеп сөндіріліп жатыр. Жетуі қиын, батпақты жерлер мен бағыты үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда», – дейді мамандар.