«ҚазАвтоЖол» мамандары апатты аймақтарда жұмыс істеп жатыр

Қазір тасқын судың қаупін сейілту үшін ҚазАвтоЖол компаниясының 765 техникасы мен 2 мыңға жуық маманы апатты аймақтарда белсенді жұмыс істеп жатыр.

Олар тасқынға төтеп бере алмай, қираған тасжолдарды қайта қалпына келтіріп, қатынастың үзілмеуін қамтамасыз етіп отыр.

Сондай-ақ ұлттық компания өкілі елдегі автожолдағы ахуал бойынша да күн сайын жедел ақпарат таратып, көлік қозғалысы шектелген бағыттар туралы халықты құлақтандырып келеді. Бүгін бізбен ресми өкілі Сәкен Ділдахмет тікелей байланысқа шығады.