«Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру. Графика

Елімізде былтырдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұл бастама халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттырып, проблемалық берешектерді реттеуге бағытталған. Алғашында 8 өңір қамтылған еді. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жобаның ауқымын кеңейтуді тапсырды. Бүгінде бұл бағдарлама барлық облыста және республикалық маңызы бар қалаларда іске қосылды. Тиісті жұмыстарға 11 мемлекеттік орган, 12 банк, Қазақстан қаржыгерлері мен Микроқаржы ұйымдарының қауымдастықтары жұмылдырылды. «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиевтің айтуынша, жоба аясында жыл басынан бері 43 мыңнан астам адам оқыту курсынан өткен. Олардың 81 пайызы ауыл тұрғындары.