Түмен тұрғындары эвакуацияланып жатыр

Ресейдің Түмен облысында тасқынға байланысты тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Осы уақытқа дейін 4200-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, 20 елді мекенде 700-дей үй мен 3 мың аулаға су кірген. Жалпы тасқын сумен күреске аймаққа 3 мыңнан астам маман жұмылдырылған. Олардың күшімен жасанды бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.