Қазгидромет егіс науқанына қатысты болжам жасады

Мамырда Қызылорда облысының Қармақшы ауданында құрғақшылық күтіледі.

Себебі ауа температурасы жоғарылап, күн райы жауын-шашынсыз болады. Қазгидромет мамандары осындай болжам жасады. Ал Қостанай облысының Қарасу ауданында, Батыс аймақтағы Бурлин, Сырым және Қаратөбе аудандарында, Павлодардың Ертіс және Успенка аудандарында және облыс орталығында ылғал мөлшері қалыптан жоғары болады. Дегенмен, егін шаруашылығы етек алған аймақтарда ылғалдылық мөлшері нормаға жуық немесе жоғары болады деп күтілуде.