Атыраудағы ахуал. Сұхбат

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі тағы көтерілді.

Соңғы мәліметке сүйенсек, Индербор кентіндегі көрсеткіш 820 см-ге жеткен. Ал қауіпті деңгей 845 см. Махамбет кентіндегі су мөлшері 8 см-ге артып, 828 см жетті. Облыс орталығындағы 479 см жуықтаған. Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, мұндағы қауіпті деңгей 550 см шамасында. Дәл қазір облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айсұлу Келдіғалиевамен тікелей байланысқа шықпақпыз. Сәлеметсіз бе?!

1. Қазіргі ахуал қандай?
2. Соңғы дерекке сүйенсек, әсіресе Индербор кентінде су деңгейі бірден 32 сантиметрге жоғарылаған. Мұндағы жағдай қаншалықты қауіпті?
3. Су деңгейі көтерілген елдімекендерде құтқару жұмыстары қалай жүріп жатыр?